• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Видео 28 Қазан, 2019

ҚазҰУ-да «Egemen Qazaqstan» газетінің күндері өтті (видео)

208 рет
көрсетілді

Биыл өзінің ғасырлық тойын межелейтін «Egemen Qazaqstan» газетінің дара тұрар датасына арналған түрлі шаралар  шоғыры еліміздің әр өңірінде салтанат құруда. Танымды ой мен тағылымды сабақтастықты ту еткен кезекті басқосу ел тарихындағы талай тұғырлы тұлғаларды түлеткен білімнің қарашаңырағы Қазақ ұлттық университетінде жалғасын тапты. Аталмыш оқу ошағындағы қазақ сөз өнерінің киелі  ұстаханасына баланатын журналистика факультетінің қабырғасынан «Egemen Qazaqstan» газетінің оқу-шығармашылық зертханасының ашылғанын сүйіншілеп айта кеткен ләзім.