• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 29 Қазан, 2019

Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ ПА шараларына қатысты

332 рет
көрсетілді

Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі салалық комитеттер мен тұрақты комиссиялар төрағаларының үйлестіру кеңесіне қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Үйлестіру кеңесінде Парламенттің екі палатасындағы салалық комитеттердің мүшелері мен Тәжікстанның әлеуетті органдарының басшылары бас қосты.

Күн тәртібіне орай ҰҚШҰ мүшелері аймақтың қазіргі заманғы саяси ахуалын, бейбітшілік пен ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бірлесе үйлестіру аясында қорғаныс және қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарады. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы жағдайды одан әрі дамыту мен жақсарту, оның ішінде заңнамалық қолдауды талап ететін бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Сапар барысында кеңеске қатысушылар Жуков орденіне ие 201-ші Гатчинск әскери базасында болды, онда ҰҚШҰ оңтүстік шекарасын күзету қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайымен, сондай-ақ Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімімен (Вахдат қаласы) танысты. 

Сондай-ақ Үйлестіру кеңесі мен Тұрақты комиссияның мүшелері ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығуына байқаушы ретінде қатысуы жоспарланды.