• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 29 Қазан, 2019

Жеңіл атлетика: Бас бапкер ауысты

283 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері міндетін әйгілі спортшы Дмитрий Карпов атқаратын болады.

Бұл спортшының есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. 38 жастағы қарағандылық спортшы онсайысты серік етіп, халықаралық додаларда бірқатар биік белестерді бағындырды. Атап айтсақ, Афины Олимпиадасында қола медальді мойнына ілді. 2003 және 2007 жылдарда өткен әлем чемпионаттарында үшінші орынға табан тіреді. Доха мен Гуанжоудағы Азия ойындарында алдына жан салмаса, Пусанда қолаға қолаға қол созды. Азия чемпионы деген атағы тағы бар. Гран-при турнирлерінде сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ Карпов Қазақстан мен Азия рекордын бірнеше рет жаңартты.  

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегі мен 6 қазан аралығында Катардың бас шаһары – Дохада өткен әлем чемпионатынан жерлестеріміз құралақан оралды. Осы жағдайдың бас бапкердің ауысуына себеп болуы да әбден мүмкін.