• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2019

Трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі талқыланды

135 рет
көрсетілді

Бейжің қаласында (ҚХР) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның (бұдан әрі – Бірлескен комиссия) 17-отырысы өткізілді. Қазақстан делегациясын Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громов басқарды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірлескен комиссияның отырысы достық, іскер және конструктивті жағдайда өтті.

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелерге сәйкес өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізілді және Бірлескен комиссияның 17-отырысы Хаттамасына қол қойылды.

Вице-министр С. Громов өз сөзін «Біз өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастығымызды тереңдетуге ниеттіміз. Жақын арада конструктивті және тату көршілік рухын сақтай отырып, екі мемлекет үшін су бөлу жөніндегі маңызды келісім болады деп үміттенемін. Бұл Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тең құқықты пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етеді», деп түйіндеді.

Тараптар Бірлескен Комиссия жұмысы аясында өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттарына негізделген жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыруға келісті.