Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасының іске қосылғандығы жайлы хабарлаймыз. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Senate мобильдік қосымшасы ыңғайлы әрі оңай қарым-қатынас орнату үшін жасалды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетін әрі уақытты бағалайтын жандарға арналған мобильдік қосымша. Сондай-ақ Сенаттың іс-шараларын көруге, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.
Қосымшаны орнату үшін AppStore (iPhone) немесе Play marketке (Android үшін) кіріңіз, Senate атауын іздестіріп, қосымшаны жүктеп, орнатып алыңыз.