• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Қазан, 2019

Манас Орынбасаров жаңа қызметке тағайындалды

527 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына сәйкес, Манас Орынбасаров шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Манас Ыдырысұлы 1969 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

1988 жылы Қатынас жолдары министрлігінің Ақтөбе теміржол көлігі техникумын «техник-электрші» мамандығымен, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, ал 2017 жылы «РФ Президентінің Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім мекемесінің магистратурасын «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1991 жылы «Өрлеу» өндіріс корпорациясының бас инженері ретінде басталған.

2017-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының директоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру мәселелері жөніндегі басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.

2018 жылғы тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.