• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 29 Қазан, 2019

Дана Нұржігітова жұмыс сапарымен Италияға барды

152 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігітова балалардың көші-қон үдерістеріндегі құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету жүйесін жақсарту жөніндегі тәжірибені зерделеу үшін Италияда болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараны Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырып отыр. Делегация құрамына Парламент депутаттары және білім және ғылым, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, әділет министрліктерінің өкілдері енген болатын.

Сапар аясында көші-қон үдерістері және ондағы балаларды қорғауда тәжірибесі мол елдердің осы саладағы ахуалын зерделеу мен ынтымақтастық орнату жоспарланды.

Сондай-ақ көші-қон кезінде қамқорлықтан сырт қалған балаларды қорғау жүйесі, сондай-ақ оларды одан әрі ұстау, мәртебесін анықтау, оларға қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылау көзделіп отыр.