• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 29 Қазан, 2019

Президент «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне барды

225 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің БЦСА балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық  мүгедек балалар мен қимыл-тірек аппаратында ақауы бар 18 жастан асқан адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мамандандырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев оңалту бөлмелерін аралап көріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Мемлекет басшысына балалар мүгедектігінің алдын алуға, БЦСА-мен ауыратын балаларды көпжақты оңалтуға және жан-жақты әлеуметтік тұрғыдан жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Президент аталған жобаның ізгі мақсатын атап өтіп, оны бүкіл Республика көлемінде таратудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай мекемелерді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің және демеушілердің қаржысына ашу қажет.

Соңында Мемлекет басшысы Орталыққа арнайы жабдықталған шағын автобус тарту етті.