«Қасым-Жомарт Тоқаев Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен, жоғары оқу орнының цифрлық технологияны енгізу жөніндегі жетістіктерімен, сондай-ақ бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерімен танысты.
Мемлекет басшысы студенттік кампус аумағында орналасқан «Керемет» қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады», делінген хабарламада.