• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қазан, 2019

Бірқатар ғылыми мекемеде болды

132 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы бірқатар ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарында болып, аталған мекемелердің қызметімен танысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы «Қо­ғамдық келісім» республикалық мем­лекеттік мекемесінің, Еура­зиялық интеграция институ­тының, Орталық коммуникация­лар қызметінің, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, «Бо­лашақ» халықаралық бағдар­ламалар орталығының және Қа­зақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұжымдарымен кез­десіп, онда еліміздегі этнос­аралық келісім, білім, ғылым, ақпарат салаларында атқарылып жатқан мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдары туралы айтты.

Қырымбек Кө­шер­баев Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті мен С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­техни­калық университетінде болып, оқытушы-профессорлар құра­­мы­мен кездесу өткізді және атал­­ған білім ордаларының оқу бағ­дар­ламаларымен және мате­риал­дық-техникалық базасымен танысты.