• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2019

Қарақшылық шабуыл бір тәулік ішінде ашылды

613 рет
көрсетілді

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына мүгедек балаларды оңалтумен айналысатын «Асар» қоғамдық бірлестігінің аумағына түнгі сағат екі шамасында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бетперде киген екі белгісіз тұлға Тараздағы оңалту орталы­ғынан екі бас жылқыны ұр­лап кеткен. Жылқыларды даму мүм­кіндіктері шектеулі балаларға арналған иппотерапия емдеу курс­тарын өткізу кезінде қо­ғам­дық бірлестік мамандары пай­даланған.

Жамбылдық полицейлердің алдында қылмыскерлердің заттай дәлелдемелерді жойып, яғни жылқыларды етке союына немесе басқа өңірлерге сатуына жол бермеу үшін жануарларды тез табу міндеті тұрды.

– Полиция қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шарала­рының нәтижесінде бір тәулік ішінде ауыр қылмыс жасаған күдіктілер анықталып, ұсталды, жылқылар оңалту орталығына қайтарылды, – деді Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қал­метов.

Тараз қаласының 22 және 23 жастағы екі тұрғыны кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қарақшылық).

«Асар» қоғамдық бірлестігі төр­ағасының орынбасары Әйге­рім Дәулетбаева қылмысты жедел, қысқа мерзімде ашқаны үшін полиция басшылығы мен қыз­меткерлеріне өз алғысын біл­дірді. Ең бастысы, балалар сон­шалықты үйренген жылқылар қайтарылып, ал иппотерапия сабақтары жалғасатын болады.