• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2019

Имандылық – адамгершілік кепілі

531 рет
көрсетілді

Семейдегі Қазақстан Инновациялық Академиясы білікті маман, білімді студент даайындап, оқытуда үздіктердің қатарында көрініп келе жатқан беделді оқу орны. Жақында аталмыш оқу орнында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласына орай «Имандылық – адамгершілік кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – академия студенттерін имандылыққа, инабаттылыққа, ауызбіршілікке шақыру. Академия ректоры, ғалым Берік Қайыпханұлы жиналғандарға Алаш астанасы болған Семей қаласының тарихынан сыр шертті және алашордашы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» шығармасының маңыздылығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Жанна Гажкенқызы дөңгелек үстелді ұйымдастырушы студенттерге осындай маңызды тақырыпты тереңінен қозғап ұйымдастыру мәселесіне орай ақыл-кеңестерін айтты. Дөңгелек үстелге белсенді студенттер атсалысып, дін, иманшылық тақырыбына көбірек тоқталды. Олардың сөзін қолдаған Қазақстан Инновациялық Академиясындағы тарихшы маман, дінтану пәнінің ұстазы Жұлдыз Асқарұлы ой саларлық пікірлерін айтып, жастарды бағыттап отырды. Ал ұзақ жылдардан бері ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан психолог ұстаз, профессор  Бағлан Иманғалиқызы ораза ұстау, намаз оқудағы психологиялық ерекшеліктерге тоқталды.

- Біздің еліміз Конституцияда зайырлы, құқықтық мемлекет деп жазылған, сондықтан да 130-дан астам ұлт пен ұлыс тұратын қазақ жерінде татулық басты қағидат. Мемлекетте заң бойынша белгіленген білгілі бір нақты дінді тұтыну әр азаматтың діни бостандығы, сенімі және еркіне байланысты. Дінді зорлап, таңуға болмайды. Мемлекет тарапынан Құрбан айт сияқты мерекелер заңды түрде белгіленген. Оны еліміз ата-бабамыздың салт-дәстүріне сай атап өтеді. Кейде адамдар ораза тұтуды «күнәдан арылу» деп емес, салмақ тастасам, дене бітімімді сұлуландырсам деп ұстанып жатады. Бұл меніңше дұрыс емес. Жалпы, намаз оқу, ораза тұту үшін адам психологиялық жағынан дайын болуы, қабілеті, ақыл-ойы жетік болып, толысуы қажет,- деді Бағлан Иманғалиқызы.

 

Cемей