• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Нидерландыда 12 медицина қызметкері хантавирусқа байланысты оқшауланды

20 рет
көрсетілді

Неймеген қаласындағы Радбауд университетінің медициналық орталығында хантавирусқа байланысты қауіпсіздік шарасы ретінде 12 медицина қызметкері карантинге алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға ауруханада науқастың қан және зәр талдаулары тиісті қауіпсіздік хаттамаларын сақтамай өңделгеннен кейін болған. Нидерланд Денсаулық сақтау министрлігі мамандардың жұқтыру қаупі өте төмен екенін және аурухана жұмысы қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Хантавирус жұқтырған науқас 7 мамырда ауруханаға түскен. Ол MV Hondius круиздік кемесіндегі індетке байланысты ауырған жолаушы екені анықталды. Бұған дейін бұл кемеде үш адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта 9 расталған және бірнеше күдікті жағдай тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус жағдай бақылауда екенін, бірақ алдағы уақытта жаңа жағдайлар пайда болуы мүмкін екенін ескертті.

Испания, Франция және АҚШ-та да круиз жолаушылары арасында хантавирусқа қатысты жағдайлар тіркеліп, кейбірі оқшауланған ем қабылдап жатыр.

Мамандар әзірге індеттің кең таралу беХантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралдылгілері жоқ екенін, бірақ жағдайдың қатаң бақылауда екенін айтады.

Еске салайық, жуырда Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталған болатын.    Хантавирус тіркелген 17 лайнер жолаушысы АҚШ-қа оралды.   Жағдайға байланысты ДДСҰ басшысы үндеу жасап хантавирус қаупінің қаншалықты жоғары екенін мәлімдеген еді.   
Соңғы жаңалықтар