«Өркениетті келешек» қоғамдық қоры 2019-2020 жылы U.S. Embassy in Kazakhstan (Қазақстандағы АҚШ Елшілігі) қолдауымен «МЕН БАРМЫН!» жобасын жүзеге асырады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Қордың директоры Гүлбаршын Қарабалинаның айтуынша, жоба Ақтауда ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға, атап айтқанда, мүгедектер арбаларында жүргендерге қол жетімді жағдай жасауға көмектесуге бағытталған.
Жалпы Ақтау қаласында 200 ден астам арбамен жүретін тұрғындар тұрады, сонымен қатар, қала көшелерінде балалар арбасымен жүретін ата-аналар қаншама. Алайда қаланың нысандарының пандустары мен теппелерінің толығымен стандарттарға сай болмауы олардың күнделікті өмірін тек үйде өткізуіне әкеліп соқтырып отыр.
-Мүгедектер, балалы аналар күн сайын пандустарға тап болады. Нысандарға қол жетімділіктің жетіспеушілігі мәселесі мүгедек адамдардың қоғамға толықтай қатысуына мүмкіндік бермейді. Біз оларды көрмейміз, олар бүкіл өмірлерін төрт қабырғада өткізеді. Арбамен дүкен және дәріханаларға кіре алмайтын аналар үшін оңай емес, өйткені олардың көпшілігінде ыңғайлы пандустар жоқ. Біздің жобаны жүзеге асыруда біз осы мәселеге қоғамның және облыс орталығының басшылығының назарын аударғымыз келеді, дейді Гүлбаршын Қарабалина.
Қордың директоры айтқандай, жоба командасы «Мен-бармын!» атты әлеуметтік видеролик жасақтап, билборд іліп, ыңғайсыз пандустар немесе олардың болмауы мәселесіне қоғамның назарын аудару үшін басқа да шаралар ұйымдастырады.
Жоба аясында қор «Мен-бармын!» байқау жариялады, оған арнайы мүгедектер арбасында қозғалатын адамдар «жарамсыз» пандус немесе мүлдем пандус жоқ жерлерде суретке түсіп, әлеуметтік желілерде жариялайды.
-Жоба байқау нәтижесінде анықталған 10 нысанның пандустарын қайта құруға немесе орнатуға көмектеседі. Ал 5 пандусты нысандар иелерінен стандарттарға сай келмейтін пандустарды қайта құруын қоғам талап ететін болады. 25 мүгедектұрғын үшін «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының «Періште» орталығында оңалту курстары - йоготерапия, емдік дене шынықтыру, ми биоаккустикалық түзету аппаратындағы курстар, ағылшын тілі, қолөнер сабақтары жүргізіледі. Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтар мен жүлделерге ие болады, олардың ішінде тауарларды сатып алу сертификаттары, соның ішінде балалар, медициналық сақтандырулары, сондай-ақ «Періште» орталығында оңалту сертификаттары беріледі. Қоғамдағы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, бірге қолжетімді орта құрайық», - деп шақырады жоба командасы.
Байқау ағымдағы жылдың 30 қарашасында аяқталады.
Маңғыстау облысы