Алматыда әкімдік тарапынан медициналық мекемелерге аудит жүргізу барысында қолданыстағы 30 мың медициналық жабдықтың 10 мыңға жуығы моральдық және физикалық тұрғыда ескіргені анықталған.
Осыған байланысты әрбір емхана мен аудан бойынша белгіленген құралдарды жаңартудың үш жылдық жоспары дайындалды. Қажетті шығындардың жалпы сомасы – шамамен 60 млрд теңгені құраған.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «қадамдық қолжетімділік» қағидатын негізге ала отырып, дәрігерлік амбулаторияларға деген қажеттілікті қанағаттандырудың үш жылдық жоспары әзірленді. Қалада барлығы 35 амбулатория ашылатын болады. Бір ауысымда 100 келушіге қызмет көрсететін 7 амбулатория іске қосылып үлгерген. Жыл соңына дейін олардың тағы үшеуі қолдануға беріледі.
АЛМАТЫ