Бала тілі бал...
Алпамыстың апайы айна алдында боянып жатады. Алпамыс апайынан:
– «Бұныңыз не?» – деп сұрап еді, ол:
– Ой, бұл химия ғой... – дейді күліп.
Оның ертесіне апасын тағы да айна алдынан тапқан Алпамыс:
– Апа, кешегі химия ма? –деген. Апасы:
– Иә, сол химия, – деп айна алдына жайғаса бергенде:
– Апа, онда бүгін физика жасаңызшы, – деді жалына қарап.
***
Мектептен қайтып келе жатқан Болаттан бақылаушы:
– Билетің бүгінгі ме?–деді.
– Иә, таңертең ерте алғанмын... – деп жауап беріпті.
***
– Мама, өзіңізді 8-ші март мерекеңізбен құттықтаймын деп гүл әкеле жатыр едім...
- Е, оның қайда?
- Автобустан түсе беріп едім бақылаушы тұр екен, соларға «сыйлап» кеттім...
***
Үш жасар Алик:
- Мама, папамдікіндей қалың мұрт қашан шығады?
- Үлкейгенде.
- Ал, сізде неге жоқ?..
***
Жайлауда, киіз үйде қаладан келген бес жасар Бекіреге анасы ашуланып:
- Кәнеки, бұрышқа тұр, – деді.
Сонда жан-жағына байыппен қараған Бекіре:
- Мама, үйдің бұрышы жоқ қой... – деп көңілденіп сала берді.
***
Алты жасар Аслан:
- Апам өтірік айтыпты, көп витамині бар деп үш алма беріп еді, бәрін жарып көрдім, ешқайсысында витамин жоқ... – деп таңданды.
***
Немересі:
- Ата мен кейін дәу болғанда сіз қандай боласыз?
- Кішірейіп сен сияқты бала боламын.
- Онда мен сол кезде шашыңызды өсірмей, ылғи ұстарамен тақырлап, балабақшадан ертерек алып тұратын боламын.
Ербол СЫБАНҚҰЛ