• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері 300-ден астам есірткі қылмысы анықталған

190 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшысы Қ.Таймерденов баяндады.

Айтуынша, соңғы уақытта есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің қызметі есірткінің ірі мөлшері мен ауыр түрлерін, оның ішінде синтетикалық түрлерін өткізушілерді анықтауға бағытталған.

Қыркүйек айында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаумен айналысқан Қазақстан Республикасының 2 азаматшасы ұсталып, шара барысында жер астына жасырылған салмағы 91 килограмм шығатын 7 қап «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленген. Жалпы жыл басынан бері 300-ден астам есірткі қылмысы анықталған болса, оның ішінде: 41 сату және 4-еуі аса ірі мөлшерде сақтау фактісі.

Заңсыз айналымнан 196 килограмм есірткі заты тәркіленді.

Ақтау қаласында жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұстау және ұйымдастырумен ұзақ уақыт бойы айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Жеңгетайлық үшін барлығы 13 қылмыстық іс қозғалды.

9 айда 7 есепте тұрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 көшбасшысы және 5 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырудың жолын кесумен байланысты бірқатар жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 54 факті бойынша ҚР ҚК 307-бабымен қылмысты іс қозғалды, барлық қылмыстық істер облыстық Мемлкеттік кірістер департаментіне тергеу реттілігімен жолданды.

-Криминогендік жағдайға кері әсер ететін букмекерлік кеңселердің қызметіне жеке тоқталғым келеді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, 2 жыл ішінде облыста букмекерлік кеңселердің қызметіне байланысты көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды есептемегенде 97 қылмыс тіркелген, оның ішінде: 6 қарақшылық, 27 тонау, 36 бұзақылық және 22 ұрлық.

Прокуратура және Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2 жыл ішінде облыс аумағында 147 букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтатылды, деді Қ.Таймерденов.