• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері 56 мың шетел азаматы заңдастырылды

190 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері 56 мың шетел азаматы заңдастырылып, нәтижесінде облыс бюджетіне 688 млн 118 мың теңге түсті.

Сондай-ақ бүгінгі таңда жол ережесін өрескел бұзушылардан әкімшілік айыппұлдарды өндіру өзекті мәселенің біріне айналды, осы мақсатта олардың автокөліктерін «айып тұраққа» жабу тиімді тәсіл болып табылады. Осыған байланысты, Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтар жиі орын алатын Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ақылы айып тұрақ ашуды ұсынды.

Облыс бойынша барлығы 108 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға 624 млн 783 мың теңге айыппұл салынды, мемлекет кірісіне 472 млн 287 мың теңге өндірілді.

9 айда полицияның кешенді күштерімен анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтардың нәтижесінде облыс бюджетіне 1,3 млрд теңге өндірілген.