Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңінің қарымта матчтары өтті. Қазақстаның «БИІК-Қазығұрт» клубы Германияға қонаққа барып, Мюнхенде жергілікті «Бавария» командасынан жеңіліп қалды.
Кездесуде «Бавария» футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қос голды да германиялық команданың қорғаушысы Карина Веннингер соқты. «БИІК-Қазығұрт» пен «Бавария» арасындағы Қазақстанда өткен алғашқы ойында германиялық қыздар 0:5 есебімен басым түскен еді. Екі ойынның қорытындысы бойынша 7:0 есебімен жеңіске жеткен «Бавария» ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінің үш ойынында жеңіске жеткен «БИІК-Қазығұрт» топтан бірінші орынмен шығып, турнирдің 1/16 финалында Бельгияның «Андерлехт» командасын екі ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын.