• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қараша, 2019

Нәтиже көңіл көншітпейді

240 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қала­сында шорт-тректен жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Аталған қалада әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

500 метрге жарысқан спортшылар арасынан қазақстандық Денис Никиша жоғары нәтиже тіркеді. Үздіктер арасында ол 12-орыннан көрінді. Бұл бәсекеде сынға түскен команда үздігі Абзал Әжі­ғалиев ереже бұзғаны үшін, жарыстан шеттетілді. Оңтүстік Корея өкілі Да Хен Хван же­ңімпаз атанса, ресейлік Виктор Ан мен ма­жарстан­дық Шаолин Лиу екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

1500 метрде бақ сынаған Еркебұлан Шамұханов 23-ші, Мерсаид Жақсыбаев 26-орыннан көрінді.