Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында бүгін және ертең қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Түркістан - түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Н.Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр», деп жазды Айдос Үкібай.