Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Елбасы жаңа Неке сарайының жұмысымен танысып, шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлармен әңгімелесті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жас отау иелерін құттықтап, бақыт пен береке тіледі», делінген хабарламада.