Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг универстиетінде «Университетті басқару аясындағы академиялық адалдық саясаты» конференциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференция аясында «YU Парасаттылық мектебі» ашылды.
Конференция барысында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Дайрабай Үсіпбаев «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында баяндама жасады. Ал қоғамдағы парасаттылық мәдениет деңгейін қалыптастыру жолдары туралы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Айгүл Демеуова әңгімелеп берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұргүл Мұқатай Агенттіктегі жаңа құрылымдық бөлімшелер туралы, олардың миссиясы, жалпы парасаттылық ұғымы туралы слайд қолдана отырып, кеңінен түсіндірді. «Қорғау» орталығының заңгері Мұса Нұржанов Маңғыстау облыстық Азаматтық альянс ЗТБ өкілі Ләззат Алмаганбетова, осы университеттің студенті Айдынай Утешовалар құқықтық сауаттылық туралы, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімді қалыптастырудың тиімді жолдары, жалпы парасаттылық ұғымының кең көлемдегі мән-мағынасы туралы баяндады.
Университеттің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бағдат Ауешова университетте ашылған «Парасаттылық мектебі», оның құрамы, жетекшілері мен орындаушылары, жалпы айтқанда негізгі мақсаты мен міндеттері туралы тарқата әңгімелеп, әзірленген жоспарымен таныстырды.
Жарыссөз кезінде Маңғыстау облысының заң консультанттар палатасының төрағасы Игорь Машинский ғылыи конференцияға қатысушылардың баяндамалары тартымды болғанын атап өтіп, өз тарапынан жас буынмен бір арнада болу үшін әлеуметтік желілерді кеңінен қолдануды ұсынды.