• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері газбен уланудың 3 оқиғасы тіркелді

232 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының аумағында 2019 жылдың басынан тұрмыста тұншықтырғыш газбен уланумен 3 оқиға тіркелді, оның ішінде 5 адам зардап шекті, 1 адам мерт болды. Ал  2018 жылы 3 оқиға тіркеліп, оның ішінде 5 адам зардап шекті және 4 адам мерт болды, олардың 2-і бала. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

- Тұншықтырғыш газ, көміртек монооксиді, көміртек оксиді немесе көміртек тотығы (СО), көбінесе «үнсіз өлтіруші» деп атайды. Улы газдың иісі де, түсі де, дәмі де жоқ болғандықтан, тітіркендіргіш болып табылмайды және ауамен оңай араласады, сондай-ақ кедергісіз таратылады. Адамдардың тұншықтырғыш газбен улану жағдайларының алдын алу мақсатында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен  28 қазан мен 3 қараша аралығында тұрғын үй секторында жергілікті атқарушы органдарды, Jas Otan жастар қанаты, «КазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлерін, «РЦКУ» ЖШС және БАҚ қызметінің өкілдерін жұмылдырумен рейдтік іс-шаралар өтті. Аулаларды аралау жұмыстарын жүргізу барысында 1565 тұрғын үйдің 5000 тұрғыны қамтылды, 450 адамның қатысуымен 30 жиын өткізілді. Өрт қауіпсіздігі бойынша 5600 ақпараттық материалдар таратылды. Барлық өткізілген іс-шараларға 200 адам жұмылдырылды, олар  - азаматтық қорғаудың, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметкерлері, еріктілер, газ қызметінің жұмысшылары, дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ЗҚҚА және АҚСББ қызметкерлері.  

Тұрғындардың басым көпшілігі қызметкерлердің жұмысына түсіністікпен қарап, үйлеріне кіріп өрттің туындауына әкеліп соғатын кемшіліктерді қарап беруді сұраған жайғдайлар да болды.

        

 

Маңғыстау облысы