• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2019

Зияткерлік сайыста қарағандылық оқушылар жүлдегер атанды

221 рет
көрсетілді

Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында өткен республикалық «Менің кіші Отаным» зияткерлік сайысында қарағандылық оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Екі кезең бойынша өткен байқауда Қарағанды облысынан Алмат Қордабай («Дарын» мектебі), Нұрасыл Мұқан («Мұрагер» мектебі), Ермұрат Құлатай (№1 Білім Инновация лицейі) және Жанар Жұмаділда (Жаңаарқа ауданының Ю. Гагарин атындағы мектебі) бақ сынаған болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша «Менің кіші Отанымның болашағы» аталымы бойынша Жанар Жұмаділда екінші орынға ие болды. Ал «Менің туған өлкем» аталымында Нұрасыл Мұқан үшінші орын иегері атанды.

 

 

Қарағанды облысы