• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2019

Биыл Ақтауда 17 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

189 рет
көрсетілді

Қалада жалпы ауданы  438,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша өткен 2018 жылы жалпы сомасы – 1,961 ммлрд теңгені құрайтын 241 өтінім мақұлданған, 2019 жылы жалпы сомасы – 3,784 млрд теңгені құрайтын 421 өтінім мақұлданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов баяндады.

Қазіргі таңда, Ақтау қаласы аумағында 278,7 шаршы метрлі (1633 пәтер), қаржылық қамтамасыз ету көзі (ИФО) 17 млрд, 600 млн құрайтын көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы қолданысқа берілді.

Жыл соңына дейін, қала аумағында жеке қаражаты есебінен 15 заңды және жеке тұлғалар тарапынан 316,4 шаршыметрлік 3036 пәтерлі, қаржылық кұны 40,8 млрд теңгені құрайтын 17 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.

- 19А шағын ауданындағы 144 пәтерлік екі тұрғын үй, 18 шағын ауданында 9 қабатты төрт тұрғын үй салынады. Қазіргі таңда (ПСД) жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға тапсыру үшін  толықтырылуда. Сондай-ақ Ақтау қаласының 19 шағын ауданында төрт жалгерлік (коммуналдық) 65 пәтерлік тұрғын үйлері бойынша 2015 жылы екі тұрғын үйі 130 пәтер, 7 725,3 шаршы метр пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, құрылысы толықтай аяқталмай қалған екі тұрғын үйді пайдалануға беру үшін жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жасақталуда,- деді Ғалымжан Ниязов.

 

 

Маңғыстау облысы