• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2019

Ақтауда 98,1% бүлдіршін балабақшамен қамтылған

300 рет
көрсетілді

2019 жылы бюджеттен 15 млрд 132 млн теңге бөлінді. Оның 79,2%, яғни 11 млрд 986 млн теңге 4 674 педагогтың (2908-мектепте, 103 – жекеменшік мектепте, 1457-балабақашада, 206-қосымша білім беру ұйымында) негізгі жалақы қорына жұмсалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.

Қалада 10436 бала қамтылған 34 мемлекеттік, 87 бала қамтылған 1 шағын орталық, 4078 бала, оның ішінде 3184 бала мемлекеттік тапсырыспен қамтылған 45 жекеменшік, сондай-ақ барлығы 14 663 бала тәрбиеленіп жатқан 80 балабақша бар. 2019 жылы барлығы 235 орынды 3 балабақша ашылды.

Балабақшамен қамтылған 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі 98,1%-ға жетті, яғни 13 869 баланы құрады.

Кезектегі 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен жүз пайыз қамту үшін қалада салып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан 255 орындық және 14 ш/а бұрынғы балалар интернатының ғимаратына 280 орындық балабақшалар ашу жоспарлануда.

- Қаламыздың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың және жолдама берудің электронды жүйесі (Е.OpenMangystau.kz қосымшасы) қосылып, бүгінгі таңда E-gov-пен интеграция жасау жұмыстары жүргізілуде. Мамыр-маусым айларында мемлекеттік балабақшаға 4000-дай бала, мемлекеттік тапсырыс алып отырған жекеменшік балабақшаларға 1100 бала жолданды,- деді қала әкімі.

 

 

Маңғыстау облысы