• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2019

Биыл Маңғыстауда 3 есірткі притоны анықталды

262 рет
көрсетілді

Биыл облыс бойынша барлығы 394 есірткі-құқықбұзушылығы анықталған. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция  подполковнигі Алтынбек Қалиев «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында болған брифинг барысында мәлім етті.

 -«Заңсыз айналымнан 197 кг 865,6 гр әртүрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 630,25 гр ауыр есірткі заты «героин». Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін барлығы 278 адам, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін – 31 адам жауапкершілікке тартылды, деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Ал, автокөлік құралын есірткі қолданған мас күйінде жүргізгені үшін 48 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке - 46 тұлға тартылыпты.

-Қазіргі уақытта заңнамалық деңгейде есірткіге қарсы заң нормаларына өзгерістер енгізу мәселелері шешілуде: электронды ақпараттық ресурстарда есірткі заттарын және психотроптық заттарды дайындау, сатып алу, сақтау және тасымалдау туралы ұсыныстарды орналастыру. Екіншіден, есірткіні насихаттау немесе жарнамалау арқылы есірткіні пайдаланғаны үшін жауаптылықты енгізу, ол үшін балама жазалармен қатар 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Егер бұл қылмыс электрондық ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы жасалған болса, жаза 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарайды. Бұл нормалар әлі заңды күшіне енген жоқ,- деді А.Қалиев.

2019 жылы барлығы 3 есірткі притоны анықталып, оған қатысты барлық тұлғалар ұзақ мерзімге қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қолданылатын шара жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты. Есірткі затын ірі және көп емес мөлшерде қолдану және сақтау – 300 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 120-дан 240-сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс, немесе 45-тен 70-тәулікке дейін әкімшілік қамауда ұстау жазасы қарастырылған.

 

 

Маңғыстау облысы