• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2019

Елордадан ерекше әсермен оралдық

220 рет
көрсетілді

Еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан шаһарына саяхаттап барған 30 ардагердің сапында болып, ерекше әсер алып қайтқанымызды «Егемен» арқылы ел-жұртқа жеткізуді жөн деп таптық.

«Нұр-Сұлтан – нұрлы болашақ мекені» деп атал­ған саясатқа қатысқан арда­гер­лер­дің ең жасы 65-те болса, ең үлкені – 91 жаста.

Мұндағы мақсат – Елба­сы­мыз­дың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сы аясында еліміздің, жері­міз­дің тарихымен терең танысу, келешек ұрпақты отан­шыл­дыққа тәрбиелеуге атсалысу, жастарға аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүрлерін насихаттау, оларды қазақстандық патриотизм рухында баулуға қатысу болатын. Өйткені осы әсерлі саяхаттан соң біздер қалалық және ауылдық округтерде жастармен, жалпы жұртшылықпен кездесіп, жиналған қауымға елорданың арғы-бергі тарихын тереңірек әңгімелеп берген едік.

Астанамызға саяхат барысында керемет әсерге бөлендік. Мұндағы биік те зәулім, көрікті де көркем, бірінен-бірі өтетін сәулетті ғимараттар кімнің де болсын таңданысын тудырмай қоймайтыны ақиқат. Сайын далалы Сарыарқа төсі қазіргі таңда жап-жасыл орманды алқапқа айналыпты. Мұнан бөлек қаланың тазалығы таң­дай қақтырды.

Шардара аудандық ардагерлер ұйымы Республикалық ар­дагерлер ұйымының жә­не аудандық ардагерлер ұйымы­ның бекітілген жар­ғы­сына, жылдық жоспарына сәйкес жұмыс атқарады. Аға буын ардагерлер бас құраған бұл қоғамдық ұйым жұмыс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың, Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақ­стан халқына арнаған Жолдаулары мен аса маңызды ресми деңгейдегі құжаттарын басшылыққа алып отырады.

Қазіргі таңда ауданымызда 6200 ардагер бар. Олардың ішінде 80-і тыл ардагері, соғыс ардагерлерінің жесірлерінің саны – 13. Сондай-ақ 101 жалғызілікті қарт бар. Оларға 17 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді.

Ардагерлер ұйымының не­гіз­­гі мақсаты мен басты мін­­деттері – ардагерлердің құ­­қы­­­қтарын қорғау, мүмкін­ді­гін­­ше ел өміріндегі қоғамдық жұмысқа белсене араласуына ықпал ету, олардың лайықты әлеу­меттік тұрмыстық жағда­йын қамтамасыз ету.

Қоғамның бірлігін, келісімі мен тұрақтылығын нығайту жөніндегі жұмыстарға бел­сене қатысып жүретін арда­герлердің жай-күйін, оларға қызмет көр­се­тудің мәдени-тұрмыстық, ме­дициналық және басқа да түрлерін жақ­сартуға жәр­дем­де­сіп жүрген, сонымен бірге естен кетпестей әсерлі саяхат ұйымдастырып берген аудан басшыларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

 

Тоқсанбай БЕРДІБЕКОВ,

Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Түркістан облысы