Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) тең промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы Әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Генаның келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы) Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс. Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған Әлем чемпионы белбеуі де берілді.