Олардың арасында ІІ Дүниежүзілік соғыс мүгедектері мен қатысушылары саны 1 болса, 569 – жетім бала, ал 3 477 – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар. Сондай-ақ 21-і жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар болса, 5 564-і мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қатарында көп балалы отбасылар мен толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасы мен зейнеткерлер, 1 және 2-топ мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар, оралмандар бар.
Оның ішінен 477 көп балалы отбасы, 1398 толық емес отбасы, 581 мүгедек баласы бар отбасы – барлығы 2456 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуына болатын санаттарға лайықты болып танылды.
- Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үй алуға үміткер отбасының, сатып алуға тілек білдірген үйінің алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының 10%-нан кем емес мөлшерде (бастапқы құны ретінде) салу керек екені, ел аумағында тұрғын үйінің болмауы, соңғы 6 айдағы орташа табысының болуы, керек екені айқындалған.
Көп балалы аналарға тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында республика бюджетінен 1,695 млрд теңге бөлінді. Осы мақсатта жобамен 205 пәтер мемлекеттік сатып алу арқылы 2018-2019 жылдары берілген тұрғын үйден қарастырылатын болады. Құжаттар конкурсқа облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасына жолданады, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязов.
Маңғыстау облысы