• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2019

Әкім орынбасары оңалту орталығына барды

215 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығында болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2004 жылы ашылған орталықта алғашқы күнінен бастап БЦП және аутизм диагнозы бар 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өткен. Бұл орталық – балалардың күні бойы ата-анасыз жүруіне мүмкіндік беретін елдегі алғашқы мемлекеттік емес мекеме.

Мұнда 3 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы, әлеуметтенуі және оқуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

«Жабдықталу жағынан флагман болып табылатын бұл орталықтың қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартып, оңалту мәселесін шешуде маңызы зор», – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.