Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады» деп жазды Берік Уәли.
Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.