• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2019

Бітімгершілеріміздің бәсі биік

182 рет
көрсетілді

«Тамаша қызметіңіз үшін рахмет!». Осындай сөздер­мен БҰҰ-ның инспекция­лық тобы қазақстандық жиынтық бітімгершілік ротасының базасын тексеруді аяқтады.

Ливандағы қазақстандық­тардың бітімгершілік базасына «БҰҰ бөлім­шелері дайындығын жалпы тексеру» инспекциялық тобы барды. Инс­пекцияның бас­ты мақсаты – қару-жарақ пен әскери техниканы, байланыс құралдарын, оптикалық көздегішті, ротаның барлық мү­лік­терінің дұрыстығын тексеру, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық норманы сақтау.

Тексерістің нәтижесі бойын­ша мамандар барлық үнділік батальон­ның ішінен екінші жиынтық бітім­гер­шілік ротаны жақсы жағынан атап өтті.

Екінші қазақстандық бітім­гер­­­­ші­лік ротасы «Үнді батальо­ны­­­ның құрамында қазақстандық бітім­гершілік контингентін өріс­те­­ту тәртібі туралы» Қазақ­стан мен Үн­діс­тан Үкіметі арасын­дағы өз­ара тү­сі­ністік туралы келі­сімге сәй­кес «Ливан­дағы БҰҰ уақытша күш­тері» миссиясына қатысады. Мис­сия­да болған кезеңде «кәсіби бітім­гершілік» мәртебесін өзіне бекітті.

«Қазақстандық әскери қыз­мет­шілер өте ержүрек. Мен бұл мис­сия­да жүргеніме бір жыл болды. Бі­­рін­ші және екінші бітімгершілік ротасымен танысып, бірге қыз­мет еткеніме қуа­ныштымын. Олар­дың бойларында қобалжу мен қор­қыныштың жоқ екені мені таңғал­дырады. Бірінші ротация миссиясы барлық міндеттерге бірден кірісті. Жаз­ғы кезеңде қандай жағ­дай болатынын білмесе де, оларды екін­ші рота алмастырды. Екінші ро­та­ның қызметі кезінде Израиль әс­кері Ливанның аумағына зымы­ран соққысын жасағаны және Ли­ван­ның барлық аумағын басып ал­ған демонстранттардың жаппай нара­зылық актілері болғаны бәріне бел­гілі», – деп атап өтті Индонезия өкілі.

«Ливандағы БҰҰ уақытша күш­­тері» әскерлер штабынан инс­пек­циялық топты жеке алып жүрген, БҰҰ Индонезиялық әскери полиция­сы контингентінің командирі, пол­ковник Сони қазақстандық бітім­герлер қызмет етіп жүрген базаның деңгейін атап өтті.

«Мұндай қауіпті сәттерде БҰҰ бар­лық қозғалысты шек­тейді, бар­лық патрульдер тоқта­ты­лады. Тіп­ті бітімгершілік базалары да сумен де, тамақпен де, басқа да қажет­ті­ліктермен жаб­дық­талмайды. Мұн­дай жағдайда қазақстандықтар инс­пекциялық топты жоғары дең­гейде қарсы ал­ды. Осындай жағ­дай­лар­да бәрі де осылай өткере алмай­тын­дығын ескеру керек!», – деп атап өтті ол.