• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Қараша, 2019

БҰҰ Әйелдер құрылымының өкілі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

215 рет
көрсетілді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының Өкілі Илейн Конкиевичті еліміздегі қызметінің аяқтауына орай қабылдады. 

Е.Ашықбаев БҰҰ Әйелдер құрылымына Қазақстанның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция аясындағы міндеттемелерін орындау туралы Бесінші мерзімдік баяндамасын қорғауға дайындық бойынша, сонымен қатар Бейжің декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасын жүзеге асыруда қосқан үлесін ерекше атай отырып, еліміздегі гендерлік саясатты ілгерілетуде Қазақстан Үкіметіне көрсеткен қолғабысы үшін алғыс білдірді» делінген хабарламада.