• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2019

Бейнеу ауданының әкімі мемлекеттік бағдарламалар орындалысын баяндады

1215 рет
көрсетілді

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан 60,7 млн теңге көлемінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде 49,4 млн теңгеге 2 жоба субсидияланды (10 жұмыс орны), 11,3 млн теңгеге 2 жоба кепілдендірілді (11 жұмыс орны). Бұл бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларға IT мектеп ашуға 1,0 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

«Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша барлығы 11 кәсіпкер 137,3 млн теңге көлемінде несие алды. 60 жұмыс орны құрылады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 5 несие, 73,0 млн теңге, 25 жұмыс орны болған еді. 2019 жылы 6 несие беріліп, 64,3 млн теңге, 35 жұмыс орны құрылды.

- Шағын несиелендіру бойынша барлығы 343,1 млн теңгені құрайтын 74 несие беріліп, 82 жаңа жұмыс орны ашылған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан, құны 19,8 млрд теңге болатын «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының 80 шақырымы асфальтталып, құрылысқа 353 техника мен 659 адам жұмылдырылды. Жергілікті бюджет есебінен Бейнеу ауылында 10 көшеге 441,9 млн теңгеге ауылішілік газ құбырын тарту жұмыстары басталды, - деді Бейнеу ауданының әкімі Б.Әбілов брифингте.

 

Маңғыстау облысы