Қостанай облысының Жітіқара қаласында мұз астына түсіп кеткен баланың денсулығы бірқалыпты. Бұл туралы облыстық аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды. Балаға қазір пневмония диагнозы қойылды. Өміріне қауіп төндіретін ештеңе жоқ», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға кеше Жітіқара қаласында болған. Полицейлер жасанды су қоймасынан үш баланы алып шықты. Олар мұз үстінде ойнап жүріп суға түсіп кеткен.