• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Қараша, 2019

Өңіраралық форумда таныстырылды

219 рет
көрсетілді

Ресейдің Омбы қаласында болған ынтымақтастықтың XVI аймақаралық форумында Солтүстік Қазақстан облысында ашылған «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы ресейлік әлеуетті инвесторларға таныстырылды.

Солтүстік Қазақстан облы­сының әкімі Құмар Ақсақалов форумға келген ресейлік бизнесмендер мен компаниялар­дың басшыларымен кездесіп, АЭА-ның артықшылықтары мен жеңілдіктері туралы айтты. Әлеуетті инвестор­ларға бері­летін салықтық жеңілдік­тер мен өндірістік алаңдар перспек­тивасы туралы әңгімеледі.

Соның ішінде ауыл шаруа­шы­­лығы өнімдерін өңдеу және син­тетикалық материал­дар шы­ғару саласында жаңа жо­ба­лар қолға алынатыны жеткізілді. Ресейлік инвестор­лар арасынан мұндай ұсыныс­тар­ға қызығушылықтар білдірілді.

Сонымен қатар облыс әкімі Уә­ли­ханов ауданындағы қиыр­шық­тас карьерлерін ашу және оны Омбы облысына тасымалдау мәселелері туралы айтты. Бұл үшін аймақтар арасында жақын арада темір жол қаты­нас­тарын қалпына келтіру жоспары талқыланды. «Егер темір ­­жолды қалпына келтіретін болсақ, қиыр­шықтас тасымалын еселеп арт­тырамыз. Бұл жағ­дайда Ре­сей жағы арзан құрылыс материа­лына, ал Қазақ­стан жағы ин­вес­­ти­­цияға қол жеткізеді. Карьер­­лер іс­ке қосыл­са, үлкен за­уыт­тар са­лы­нар еді. Сөйтіп об­лыс­­та мың­даған жаңа жұмыс орын­­дары ашылатын болады», деді облыс басшысы Құмар Ақса­қалов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы