Орал қаласында ауыр жүк машинасынан еш құжаты жоқ 176 келі қызылбалық еті табылды. Түн ішінде тексерілген көліктің иесі 48 жастағы оралдық азамат екен.
Күдікті көлік түнгі сағат 03:30-да «Орал-Желаев» жолының бойында тоқтатылған. Елімізде аулауға рұқсат етілмеген, жойылып бара жатқан бекіре тұқымдас балықтың ол көлікте қалай пайда болғанын енді тергеушілер анықтамақ.
Батыс Қазақстан