Стенд атудан Қатардың астанасы Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні еліміздің жастар құрамасы табысты өнер көрсетті.
«Скит» жаттығуы бойынша Эдуард Ещенко асқан шеберлік танытып, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. Шешуші тұста ол өзінің басты қарсыластары – үндістандық Сингх Гарча мен қытайлық Ву Ляньлянды сан соқтырып, бас жүлдені олжалады. Сайыстың дәл осы түрінен қыздарымыз да олжаға кенелді. Жастар буыны арасындағы жарыста көптен бері көзге түсіп жүрген Зоя Кравченко Қытайдың қос мықтысы Сун Чжэнью мен Сунь Яшуды ғана алға жіберіп, қола медальды мойнына ілді.