Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалық офисімен бірлесе отырып «Ұлттық сайлау заңнамасы мен халықаралық стандарттарды сақтаудағы халықаралық бақылау институтының рөлі» атты семинар-тренинг өткізді.
Аталған семинардың мақсаты – түрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында шет мемлекеттерге сайлауға халықаралық бақылаушылар ретінде шығатын мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқыту.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол құттықтау сөз сөйледі. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңесшісі Радивое Груич «Халықаралық бақылау құралдары және дауларды шешу» тақырыбында тұсаукесер жасады. Сондай-ақ семинар аясында жақында өткен сайлауда халықаралық миссиялар құрамына ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі Назгүл Абдрахман 2019 жылғы ақпанда Молдова Републикасындағы парламенттік сайлауды бақылау және 2019 жылғы шілдеде Украинадағы парламенттік сайлауды бақылау қорытындылары бойынша «Eurasian Expert Council» ҚҚ президенті Шыңғыс Лепсібаев қатысты.
Аталған семинар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалық офисінің жобалық қызметі шеңберінде жыл сайын 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.