• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қараша, 2019

Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады

276 рет
көрсетілді

Президент «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шаралар, айтулы дата шеңберінде шығарылған еңбектер жайында баяндалды. Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі мерейтой барысында Алаш ардақтыларына құрмет көрсетіліп, тарих пен тағзымға құрылған шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз болды. Атап айтқанда Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жинақталған «Домбыра» оқулығы таныстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.