• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қараша, 2019

Көшбасшылар ауыл тұрғындары арасынан шығады

252 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ерекше сайлау өтті. Аудан тұрғындары таптаурын жиналыстар емес, ащы шындық айтылған пікірсайыстарға да куә болды. Өз ауылдастарының арасынан шыққан елге жанашыр белсенді азаматтардың аз емес екенін аңғарды, қадамдарын байқады. Қарапайым тұрғындар арқылы жергілікті әкімдік аудандағы түйткілді мәселелерге қанықты деуге болады. Ретімен баяндасақ.

Елбасы, Nur Otan партия­сының Төрағасы Н.Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партия­сының 7 серпіні» атты партия­ны жаңғырту бағдарламасы аясында саяси ұйым қатары­на отаншыл, елге жанашыр аза­маттар тартылсын деген талап қойған болатын. Сол міндет­ке сәйкес, Түлкі­бас ауда­нында Nur Otan пар­тия­сы­ның кадрлық резер­віне үміт­керлерді іріктеу жүргізілді. Қазанның аяғында басталған қанатқақты жоба 16 қарашада түйінделді. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Бей­сен­бай Тәжі­баевтың ай­туын­ша, бұл жоба – аза­ма­т­тық қоғамды қалып­тас­ты­ру үшін аса маңызды қадам. «Партияның кадр­лық резервіне іріктеудің бас­ты мақсаты – саяси ұйым­ның ядро­лық электоратын қа­лып­­тас­тыру. Елдің және пар­тия­­ның мүдделерін жаңа көз­қарас­пен қорғай біле­тін, елге адал қызмет ететін азаматтарды тарту. Бүгінде партия төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, партия­ны қайта жаңғырту жұмыс­тары жүріп жатыр. Ал жаңа мін­дет­терді жүзеге асыруда жаңа бел­сенділер, партия жана­­­­шыр­лары мен отаншыл қай­рат­керлер қажет. Қара­пайым тұрғындар арасынан көш­басшыларды ірік­теу мақ­сатында еліміз бойын­ша әрбір облыста бір аудан­нан кадрлық резервке іріктеу қанатқақты жобасы басталды. Түркістан облысы бойынша Түлкібас ауданы таңдалып алынды. Партияның кадр­лық резер­віне іріктеу жобасын жүзеге асыруға жоғары дайын­дық жүргізіліп, филиал­дар тарапынан нақты жұмыс­тар атқарылды. Со­ның нәти­жесінде басқа облыс­тар­­мен салыстырғанда кадр­лық резервке тіркелген үміт­керлер саны бойынша Түл­кібас ауданы көш бастады. Бұл өңірімізде саяси бел­сен­ділік­тің жоғары екенін білді­реді», – дейді Б.Тәжібаев.

Алдымен Nur Otan партия­сының Түлкібас аудандық филиалына қарасты 23 бас­тауыш партия ұйымында тү­сін­діру жұмыстары жүр­гізі­ліп, кандидаттар ашық және әділетті түрде тіркелген. Ірік­теу жұмыстары партияның орталық аппараты бекіткен нұсаулыққа сай атқарылып, үміткерлер бастауыш партия ұйымдарына таныстырылған. Партиялық кадрлық резерві­не іріктеу жұмыстары нәтиже­сінде 100 үміткер тіркелді. Оның ішінде 60 ер, 40 әйел бақ сынауды жөн көрген. Жас ерекшеліктеріне орай тіркелген үміткерлер арасында 35 жасқа дейін 21 адам, 35-50 жас аралығында – 38, 50 жастан жоғары 41 адам, сондай-ақ 7 көп балалы ана да өзін ұсынған. Қорытынды дебаттар мен дауыс беру кезеңіне 96 үміткер өтті. Қанатқақты жоба бойынша 5-15 қараша аралығында кандидаттар өздерінің бағдарламалары мен ұсыныстарын таныстыру үшін ауданның әр ауылында болып, партия мүшелерімен кездесулер мен дебаттар өткізген.

Тіркелген үміткерлерге дауыс беру 16 қарашада аудан­ның 15 аумағында ашық және еркін түрде өткізілді. Сөй­тіп аудандағы Nur Otan пар­тия­сының 6 мыңнан астам және «Jas Otan» жастар қана­тының мыңнан астам мүшесі өз таңдауларын жасады. Өз ауылдарынан шыққан жаңа көшбасшыларды қолдаған түлкібастықтар билік тар­ма­­ғына азаматтар осылай таң­дал­ғаны жөн деп есептейді.

 

Түркістан облысы