• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қараша, 2019

Ел халқы Nur Otan партиясынан не күтеді?

188 рет
көрсетілді

Қоғамдық саясат институты қараша айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін жариялады. Брифинг барысында журналистерге қоғамдық пікірді бағалаудың негізгі көрсеткіштері осы жылдың тамыз айындағы көрсеткіштермен салыстыра отырып ұсынылды. Сондай-ақ қазақстандықтар Nur Otan партиясынан не күтетіні туралы да сөз болды.

Институт директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, сауалдама қорытындысы бо­йынша Nur Otan партиясы бі­рінші кезекте бақылауға алуы тиіс аймақтардағы ең негізгі 5 мә­селе анықталды. Атап айтқан­да, бұл – жалақыны көтеру, сы­­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес, білім беру және денсау­лық сақтау саласындағы мәселе­лер­ді шешу, сонымен қатар әлеу­мет­тік теңсіздікке қарсы күрес.

«Қарашада біз қоғамдық-саяси ахуал мен нақты Nur Otan партиясына деген пікірге кезекті рет зерттеу жүргіздік. Сауал­дамаға еліміздің барлық аймағының респонденттері қаты­сып, ол «face to facе» (бетпе-бет) түрінде жүргізілді. Партия рей­тин­­гісінің динамикасын зерделеуге, оның қызметін бағалауға, қазақ­стандықтардың партиядан не күтетіндігіне басты назар ау­да­рылды», – деді Юлия Кучин­ская.

Оның айтуынша, партияның жұмысын қайта жандандыру туралы хабарланғаннан бері арада аз уақыт өтсе де, сауалдамалар оң өзгерістерді көрсетті. Nur Otan-ның электоралдық рейтингі 10% өсті.

«Жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, егер партия халықпен диалог ор­натып, тұрғындар алдында үнемі есеп беріп, тың бастама­лар көтерсе және сайлауға қара­пайым халықтың өз ішінен шыққан адамдарды ұсынатын болса, қазақстандықтар Nur Otan-ды қолдауға дайын деп қо­рытынды жасауға болады. Мұның барлығы Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған қайта жандандыру аясында, соңғы бірнеше ай бойы Nur Otan жүзеге асырып келе жатқан негізгі бағыттар. Nur Otan-ның электоралдық рейтингі 10% өсті. Тамыз айында сауалдамаға қатысқандардың 55,3% сайлауда партияны қол­дауға дайын болса, ал қазір аза­маттардың 65,8% Nur Otan-ға дауыс беруге ниетті», – деді ол.

Сонымен қатар, Юлия Ку­чин­ская Nur Otan партиясы азаматтар өз құқықтары бұзылған жағдайда шағымданатын топ-5 институттың қатарынан ойып орын алғанын айтты. Бұл бес­тіктің көшін 45,4 пайызбен сот жүйесі бастаса,  ал екінші орын­да 27,2 пайызбен Nur Otan пар­тиясы тұр. Мұның өзі азамат­тардың партияға деген сенімін көрсетеді.

«Жалпы, сауалдамаға қа­тыс­қан әрбір үшінші адам партия­ның жұмысы соңғы 6 ай­да ай­тарлықтай жақсарғанын жеткізді. Олардың 41,8% партия халық үшін өзекті мәселелерді көтереді деп есептейді. Бұл сон­дай-ақ аймақтардағы жұмыс қар­қынының артуымен де байланысты.