• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қараша, 2019

«Almaty Investment Forum-2019» форумына 200-ден астам шетелдік қатысады

244 рет
көрсетілді

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматыда 27 қарашада өтетін «Almaty Investment Forum-2019» мәселелеріне қатысты брифинг өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Форумның басты тақырыбы – Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Форумға ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшылары, ҚР ведомстволарының, қаржы институттарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп хабарлады, - Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Қазіргі кезде шақырылғандардың ішінен 350-ден астам адам өздерінің қатысатынын растады. Олардың арасында әлемнің 20-дан астам елінен (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, БАЭ, Катар, Индия және басқалары) 200-ге жуық шетелдік қатысушы бар.

Форумның барысында «Алматыға инвестициялық көзқарас: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында пленарлық отырыс, бірқатар панельді сессиялар мен «дөңгелек үстелдер» өтеді, бұларда инновацияны, кәсіпкерлік пен туризмді, білім мен денсаулық сақтауды инвестициялауды дамыту мәселелері, жылжымайтын мүлік нарығының басты бағыттары талқыланады.

Талқылауға 20-дан астам спикерлер мен модераторлар қатысады, олардың арасында East-West Digital News негізін қалаушылардың бірі және бас редакторыАдриан Хенни,Tie Global Қауымдастығының президенті Махавир Пратап Шарма,Crimson Logic вице-президентіЙонг Ви Тан,Boston BIOPHARMA құрылтайшыларының бірі, директорлар кеңесінің мүшесіГрегори Воджака және басқалары бар.

Бүгінгі күнге дейін бекітілген спикерлердің ішінде мыналар бар: Qatar Invest LLC & Dome Group Financial Advisors Ltd кеңесшісі, Түркияның бұрынғы вице-премьер-министрі (2015-2018) - Мехмет Шимшек; Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның сауда және өнеркәсіп экс-министрі, әлеуметтік қамсыздандырудың экс-министрі - Лорд Питер Лилей; Катардың Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари; McKinsey Жаһандану институтының директоры Джонатан Вотцель, NOKIA вице-президенті Микко Лаванти; TAV Airports президенті Сани Шенер; Google вице- президенті Меир Бранд бар.

Financial Times бас редакторының орынбасары Джеймс Кинг пленарлық отырыстың модераторы болады.

Форум барысында бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Қазақстандағы халықаралық компаниялар өкілдіктері арасынан форумға қатысатындар: ЕБРР, ЕВРОБАК, АБР, Бүкіләлемдік Банк, Қазақстандағы Қытай банкі, MUFG Bank, Tengri Bank, Al Hilal Bank, Mitsubishi, EY, PwC, KPMG, Samsung, Nokia, Sun Pharma, BASFC.A., Philip Morris International, CNPC, Chevron және басқалары.

Жалпы, Алматы шетелдік инвесторлар үшін барынша тартымды өңір болды және солай болып қала береді. Инвестициялық форум халықаралық байланыстарды нығайтудың және ұзақ мерзімді келісімдерді жасаудың үздік диалог алаңына айналады.