• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қараша, 2019

«Табысқа бірге» атты І-ші Қазақстандық менторлар мен ментилардың форумы өтті

303 рет
көрсетілді

Бүгін, жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ қолдауы арқасында шара өткізілді.

Жобаға аймақтық менторлары мен ментилері, жүргізуші тренерлер, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, тележүргізушілер, жоба серіктестері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, жастар ресурстық орталықтары, жас кәсіпкерлер, жас көшбасшылар, ұстаздар, студенттер қатысты.

Жобаның ұйымдастырушысы «KAZBRANDS» Қоғамдық Қоры. «KAZBRANDS» ҚҚ, «Өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін менторлардың 4 тобын барып оқытуды ұйымдастыру» атты ауқымды жоба бағдарламасын жүзеге асырды. Менторлар мен ментилардың үлкен ортасы қалыптасып, жобаның бірегей дерекқоры жасақталды.

Қоғамдық қор жоба аясында республиканың барлық аймақтарында 150-ден аса тәлімгер-жастардың шараларын он мыңнан аса қатысушыларға өткізді. Әртүрлі тәлімгерлік мектептері, жастармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, сұқбат алаңдары, жастар кемпі, көшпелі шаралар және т.б. еліміздің түрлі аймақтарында ұйымдастырылды.

Қазақстандық менторлар мен ментилардың форумы – бұл аймақтардағы жастармен жұмыс жасау үшін оқытылған 80 тәлімгерлер-тренерлерді, табысқа жетуге бағытталған 560 ментиларды шоғырландырған әлеуметтік жобаның қорытынды шарасы болып табылады.

Ментор білім беріп қоймай, өзінің идеяларын жүктеу арқылы оқушыларды қызмет саласына, сенімге, қолдау және ынталандыру икемділігіне тартады. Ментор-тренер өзінің менти/қамқоршысын тәртіп пен жігерлігін, күш пен сенімділігінің артуына көңіл бөледі.

Форум аясында  менторлардың жастармен нысандар мен бағыттар бойынша «Tool Fair» алаңы жұмыс жасалып, менторлардың ментилар үшін «Арманды бірге жасаймыз» атты шеберлік жұмыс құралдары ұсынылады.

«Бейресми білім-берудің тренерлік мектеп жұмыстары» (Г.Нұрбекова, А.Хамитов, А.Абраев, М.Жұмағали, А.Утеуова және т.б..) Бастапқы және жас кәсіпкерлерге, ЖОО және колледж бітірушілеріне арналған «Консалтинг және практикалық бизнес негіздері» (Б.Б.Балмағамбетов); Жастар ресурстық орталықтары: тәжірибе және мүмкіндіктер (Наурызбаев Нұрлыбай және аймақтық ЖРО жетекшілері); Кәсіби қызметтегі жобалық басқару (профессор В.И.Цой)

«KAZBRANDS» Қоғамдық Қоры Қазақстан менторларының Ассоциациясы негізінде бүкіл Қазақстандық қоғамның күшін біріктіре отырып, сонымен бірге көп қырлы менторлық құралдарды пайдаланып, өзін өзі дамыту үшін табысты адамдардың тәжірибесін қолдану арқылы Қазақстандық жастарды, оның ішінде студенттерді, бастаушы кәсіпкерлерді, оқушыларды, ынталандыру және оқыту арқылы бизнесте және өмірде жан-жақты табысқа жеткізу болып табылады.