• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қараша, 2019

Саяси бәсекелестікке сақадай сай болу қажет

291 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы өңір­лік филиал­дары өкілде­рі­нің кеңесі өтті. Кеңес­ке Парламент Мәжілісін­дегі Nur Otan партиясы фрак­циясы­ның депутаттары, мәсли­хат­тардың хат­шы­лары мен фракцияларының басшы­лары қатысты.

Құрамын сапалы жаңартуды көздейді

Жиында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия тарапынан ат­қа­рыл­ған жұмыстар жайында ег­жей-тегжейлі баяндама жасады.

Елбасы Nur Otan партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелердің ең­бегін атап өтті.

– Nur Otan партиясы қоғам­дағы алуан түрлі мәселелерді назарға алады. Nur Otan – бүкіл Қазақстан халқының және елдің болашағына жауапты нақты істер партиясы. Ел дамуының айқын көріністері, нақты стратегия мен жұмыс жоспары бекітілді, қажетті көзделген ресурстар жү­йеленді, – деді Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті.

Партия Төрағасы өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында қоғамды шоғырландырудың және Мемлекет басшысы қой­ған міндеттерді іске асыру жөнінде іс-шаралар қабылдаудың маңыз­дылығын атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуел­сіз­дік жылдарындағы жетістік­теріне жан-жақты тоқталып, елі­­міз­­дің табыстары пар­­тия­мен және барлық партия­­лық­тардың күнделікті жұмыстарымен тығыз байла­нысты екенін атап өтті.

Соңғы жылдары Қазақ­стан­ның ІЖӨ-сі 11 миллиардтан 170,5 миллиард АҚШ доллары­на дейін өсті. Егер 90-шы жыл­дар­дың басында халықтың үш­тен бірінен астамы кедейшілік шегінен тыс болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін тө­мендеді. ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 27%-ды құрайды. Біз 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар ішінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайта алдық, – деді Елбасы.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стра­те­­гия­сының негізгі басымдық­­тарын ілгерілету және тү­­сін­діру бо­йынша жұмысты ұйым­дас­ты­рудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Үкіметтің эко­номиканың жекелеген сек­тор­ларын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларына жеке тоқталды.

Үкімет өңірлерді қолдау бо­йын­ша, әсіресе ауылдарға басым­дық беру, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мы­салы, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдау үшін шама­мен 2 триллион теңге бөлу қарас­ты­рылған. Алдағы 3 жылда ха­­лықты таза ауыз сумен қамта­ма­сыз ету мақсатында 560 миллиард теңге бөлінеді. Егер бұл жұмыстардың орындалуын нақ­ты қадағалап, тиісті шаралар уа­қытында қабылданатын болса, 2023 жылдың соңына қарай барлық ауылдық жерлер сапалы ауыз суға қол жеткізеді, – деді партия Төрағасы.

Елбасы, сондай-ақ ел эконо­ми­касындағы шағын және орта бизнестің үлесін арттыру бо­йын­ша жоспарланған шаралар және «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жайында айтты.

– Алдағы 2 жылда «Еңбек» бағ­­дар­ламасы бойынша 1,5 мил­­­лион адамды жұмыспен қам­ту қам­тамасыз етіледі, 750 мың­нан астам жұмыс орнын ашу жос­па­рлануда. 2020-2025 жылдары 1 мил­лионға жуық пәтер салынатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңес барысында Қазақ­стан­ның Тұңғыш Пре­зи­денті жергі­лікті жерлердегі пар­тия жұмы­сы­ның тиімділігін одан әрі арттыру үшін бірқатар негізгі бағыттарды атады.

 Жауапкершілікті күшейту қажет

– Бізге әрбір әкім мен мәс­ли­хат­тардағы фракция депутат­тарының партиялық жауапкер­шілігін түбегейлі күшейту қа­жет. Бүгінде барлық реформа­лар өңірлерді дамытуға бағыт­тал­ған. Мәселен, соңғы 10 жыл­­да жер­гі­лікті бюджеттер ша­ма­мен 3 есеге өсіп, 4,7 трлн тең­гені құра­ды. Бөлінген қара­жат­тың жұм­салуына нақты пар­тиялық ба­қылауды қамта­ма­сыз ету ма­ңызды. Бұдан басқа, де­путат­тардың жұмысын одан әрі жақ­сарту және бар­лық мәс­ли­хаттардың мәртебесін нығайту жө­нін­де шаралар қабыл­дау қа­жет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы әр аймақ, қала және аудан бойынша сай­лауалды бағдарламаларын да­йын­дауды тапсырды.

Келесі жылы аумақтарды да­мы­тудың бесжылдық бағдар­ламасын іске асыру аяқталады. Жаңа бағдарламаларды қабылдау қажеттілігі жаңа электоралды циклмен тұспа-тұс келді. Сон­дықтан жаңа бағдарламалар әр өңір бойынша мәслихатқа сайлауға партияның сайлауалды бағдарламаларының негізі болуы тиіс. Nur Otan партиясының Мәжіліс сайлауына арналған сайлау алдындағы бағдарламасына келер болсақ, Премьер-Министр Саяси кеңес бюросының мү­шесі ре­тінде бұл жұмысты дербес бас­қару және қазір осы бағдарла­маны әзірлеуге кірісу керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Пре­­зи­денті.

Сонымен қатар Елбасы сапа­лы партиялық тізімдерді қалып­тас­тыру үшін партия ішіндегі ашық іріктеуді өткізудің маңыз­ды­лығын атап өтті.

– Сайлау алдындағы пар­тия­лық тізімдер әрбір мәслихатқа әйелдердің кемінде 30%-ы мен 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-ы кіруі тиіс. Сондай-ақ тізім­дерге халықтың түрлі топтары­ның өкілдері, Отанына орал­ған отандастар, ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері кіруі тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Партия Төрағасы, сондай-ақ жергілікті жерлердегі партия ор­гандарының жұмысын кү­шейту және партияның ел өңірлеріндегі шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтті.

Сөз соңында Елбасы пар­тия­ның сайлау алдындағы кезең­дегі жұмысын күшейтудің ма­ңыз­дылығын тағы да атап өтті.

Біз жеңіске жету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруымыз керек. Ақпан айында партия съе­зі өтеді. Онда атқарылған жұ­мыс­тардың қорытындысын шығарамыз және болашақ элек­то­ралды міндеттерді егжей-тег­жей­лі талқылаймыз. Қазір Jas Otan мемлекеттік органдармен бір­лесіп 2025 жылға дейін «Жас­тар – Отанға» жаңа бағдарла­ма­сын әзірлеуде. Онда қазіргі жас­тардың барлық сұраныстарына тиісті жауаптар көрсетілген. Сәуір айында жаңа бағдарлама Jas Otan съезінде жарияланады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Өңірлерге басымдық берілмек

Сонымен қатар өңірлердегі партия филиалдарының же­ке­леген өкілдері сөз алып, ме­же­леген міндеттердің атқарылу барысына тоқталды.

Тұңғыш Президент Н.На­зар­баев Nur Otan партиясы Сая­си кеңесінің кеңейтілген оты­рысында партия жобасын жан­дандыру туралы айтып, пар­тияның белсенді мүшелерін топ­тастыруды тапсырған болатын. Бүгінде бұл тапсырмаларды орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің 14 облысында қанатқақты тәртіп бойынша партияның кадрлық резервіне үміткерлер тіркелді. Сайлауға қатысқан 780 үміт­кер қатаң сынақтан өтті. Құ­ра­мын санмен емес сапамен жаңартуды көздеген партия жобада айқын ұстанымы бар түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен толықты. Бұл қатарда шағын және орта кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында жүргендер сонымен қатар мем­лекеттік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері де бар. Ашық ірік­теу нәтижесінде партия қата­ры айтарлықтай жаңарды. Мы­салы, Маңғыстау облысында ә­р­бір екінші үміткер партия мү­ше­сі атанса, Қызылорда мен Қара­ғанды облыстарында үміткер­лердің 30 пайыздан астамы жаңадан қосылған азаматтар екені анықталып отыр.   

Жиында сөз алған Nur Otan пар­тиясының Атырау облыс­тық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев өңірде атқарылған жұ­мыс­тарды баяндай келіп, орта­лық пен өңір арасындағы есеп­тік ақпарат 3 есеге дейін, ал пар­тиялық жобалар 4 есеге қыс­қар­ғанын, «Ардагерлерді ардақ­­тайық» жобасы аясында мем­ле­кеттік медициналық қыз­мет­тер­мен қатар, жекемен­шік ем­хана­ларда Ұлы Отан соғы­сының ар­да­герлеріне тегін ем алуды жолға қойғанын айтты. Соны­мен қатар «Бақытты от­басы» жобасы негізінде өз ісін ашуға бағытталған Isker ana жо­басында көп балалы, әлеу­меттік аз қамтылған аналар кәсіп­тік курс­тардан өтіп, грант иегер­лері атанғанын да айтты.  

Nur Otan партиясы өңірлердегі партия филиалдарының жұ­мыс­тарына басымдық беруде. Жиында сөз алған Қызылорда облыстық мәслихатындағы де­путаттық фракцияның жетекшісі Ибадулла Құттықожаев Nur Otan партиясының саяси док­тринасында елдің өсіп-өркен­деуі жолында партияға үлкен міндеттер жүктелгенін атап өтті. Оның айтуынша, фракция мү­шелері елді мекендерге шыққанда түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен кездесу өткізеді. Соңғы өткен 314 қабылдау мен кездесу қорытындысымен 481 адамға нақты көмек берілген. Фракция жетекшісі қала, ауданға жақын елді мекендер 100 пайыз қамтылса, өкінішке қарай, Арал, Қазалы аудандарындағы шалғай елді мекендерді қамту көрсеткіші – 40 пайыз екенін айтты. Бұл көр­сеткіштерді түзетіп, елді мекен­дерді толықтай қамту үшін жұ­мыстар жалғасатынын жеткізді.

Кездесу барысында Елбасы партияның белсенді мүшелерін Nur Otan партиясының қалып­та­суы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапаттады.

Қатысушылар лебізі

Ерлан Қаналимов,

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

− Өңірлерден мәслихат хатшылары, фракция депутаттарының қатысуымен ауқымды шара өтуде. Бұл жолғы семинар жаңа форматта ұйымдастырылған. Үкімет басшылары, тиісті сала министрлерінің қатысуымен алдағы атқарылатын жұмыстар бекітілді. Оның ішінде экономикалық, саяси мәселелерді ерекше атап өтуге болады. Күнделікті партия жұмыстарына қажетті ақпараттарға қанық болдық. Елбасы, партия Төрағасы заман талаптарына сай мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Нақты тапсырмалар берілді. Әрбір өңір алдағы жоспарын бекітті. Партия жұмыстарын жаңғыртуға арналған 7 бағыт бойынша жұмыс істейміз.

 Бейсен Тәжібаев,

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

− Аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі партия филиал­дарының бірінші орынбасарларын және партияның белсенді мүшелерінің басын қосқан семинар алғаш рет өтіп отыр. Негізгі мақсат – партияның бүгінгі күні атқарып отырған жұмыстарын талдау, алдағы уақыттағы бағыт-бағдарды, ауқымды міндеттерді бел­гілеу. Партияның өңірлік және орталық деңгейде атқарып жатқан саясатын, негізгі жұмыстарын бағдарлап шықтық. Сайлауалды бағдарламаның өңірлерде атқарылу барысы назарға алынды. Елбасы партия жұмыстарымен жіті танысып, алдағы уақытта қандай бағытқа басымдық беру керектігін айқындап берді.

Жаңбырбай Дәрменов,

Маңғыстау облыстық мәслихатындағы Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі депутаттық фракциясының жетекшісі:

− Былтыр басталған праймериз жобасы бойынша әрбір ауданнан, қаладан партия белсенділері іріктелініп алынған болатын. Бұл бастама болашақта өз нәтижесін беретін бірегей жоба болмақ. Себебі бұл жобаға қатысқан партияластарымыздың көрсеткіші де аса жоғары болып отыр. Сол себепті алдағы болатын сайлаулар осы жобаға негізделуі мүмкін. Негізгі мақсат – партия мүшелерінің ішінде халықпен етене жақын, беделді әрі қабілетті, өңірлердегі өткір мәселелерді шешуде аса белсенділік танытып жүрген партия мүшелерін іріктеп алу, келесі сайлауда осындай тұлғалардың жеңіп шығуына мүмкіндік беру.