• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Қараша, 2019

Атырау газ-химия кешені – оның құрылысы 2021 жылы аяқталады

473 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы бірегей жоба – Kazakhstan Petrochemical Industries интегрецияланған газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының 53 пайызы аяқталады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» басқарма төр­ағасы Ахметжан Есімов батыс өңіріне жасаған сапарында «Ұлттық индустриялық мұ­най-химия технопаркі» арнайы эко­но­­­ми­калық аймағының аума­ғын­да ор­наласқан кешеннің құ­ры­лыс алаңдарын аралап көрді. 

Бұл жоба Тұңғыш Прези­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың тапсырмасына орай салынып жатыр. Шамамен 10 жыл бұрын көмірсутек шикізатын терең өңдеу және полиэтилен шығару бо­йын­ша мұнай-химия өндірістерін құра­тын интеграцияланған газ-химия кешенін салу туралы Елбасы тапсырмасынан кейін,  «Самұрық-Қазына» қоры бас­шы­лығының шешімімен 2018 жылдың маусым айында жоба «ҚазМұнайГаз» сенімгерлік басқаруына берілген болатын.  2019 жылдың соңына қарай жобаны іске асыру қарқыны 53%-ды құрамақ. Жобаға жаңа менеджмент, яғни «Самұрық-Қазына» тобы келгенге дейін,  бұл көрсеткіш 6% деңгейінде бол­ғанын айта кету керек.

«Нысанның құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба жылына 500 мың тонна полипропилен өн­діру­ге мүмкіндік береді. Атал­ған жо­баның құрылыс алаңдары 2 мың­нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.  Кешен құрылысында оң ілгерілеу бар, бұл жоба мұнай-химия саласын дамытудың бастамасы болмақ. Ел үшін де маңызы зор кешен», деді сапар кезінде Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге, жұмыс сапары кезінде қор төрағасы пропан-про­пилен бөлуге арналған ірі көлем­ді сплиттер колоннасы құры­лы­сы­ның аяқталу сал­тана­тына ар­нал­ған рәсімге қатыс­ты. Дайын ко­лоннаның салмағы 1 100 тон­на­ны құрайды, ұзындығы 105 метр, диаметрі 8 метрден асады, сон­дай-ақ жеті бөлек секциясы бар.

Колонна  Kazakhstan Petro­che­mical Industries интегре­цияланған газ-химия кешені құрылыс ала­ңына дейін Атырау-Доссор трас­сасының бойымен үш тәулік ішінде арнайы жүк көлігімен та­сы­малданады. Маршруттың жалпы ұзындығы – 45 шақырым.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов қуаты 310 МВт газ турбиналы электр стансасын  іске қосу салтанатына қатыс­ты. Бұл электр стансалары  «Ұлт­тық ин­дустриялық мұнай – хи­мия технопаркі» арнайы эконо­ми­калық аймағындағы нысан­дар­ды электр қуатымен, сондай-ақ  жоғары қысымды бумен қам­та­ма­сыз етуге бағытталған.