Өткен аптада футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңінің топтық ойындары аяқталды. «С» тобындағы бәсекелер Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал «В» тобындағы бәсекелер Ресейдің Түмен қаласында өтті.
«В» тобында сынға түскен Алматының «Қайрат» клубы алғашқы турда Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасына 1:4 есебімен жол берді. Екінші турда Италияның «Песаро» клубымен кездесіп, 5:3 есебімен басым түсті. Шешуші турда «Қайрат» Португалияның «Бенфикасын» 3:2 есебімен жеңіп тұрып, соңғы минуттарда қақпасына үш гол өткізіп алды. Қорытынды есеп – 3:5. Осылайша, «Қайрат» төртінші орынды қанағат тұтып, «Төрттік финалдан» тыс қалды.
Сондай-ақ «В» тобында бақ сынаған Рудныйдың «Аят» клубы Ресейдің Тюмень қаласында өткен үш ойында да жеңіліске ұшырап, турнир кестесінің соңғы орнында қалып қойды. Бірінші ойында жергілікті «Тюмен» клубынан 0:3, Португалияның «Спортингінен» 2:5 және Хорватияның «Ново Вриеме» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.