• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2019

Композитор Донеділ Қажымов құрметті профессор атанды

1435 рет
көрсетілді

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, танымал сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымов «Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» атанды.

Сазгердің «Ақ Жайық», «Айлы түн», «Махаббат», «Ақ Жайық — ару мекенім», «Екеуміз» атты әндері жұртшылыққа кең танымал. Ол бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының түлегі. Ұзақ жыл Ақ Жайық өңірінде өнер саласында қызмет атқарған Донеділ Ізмағамбетұлы бүгінде Қадыр Мырза Әлі атындағы халықаралық қорға жетекшілік етеді.

Донеділ Қажымов өңір мәдениетінің дамуына сіңірген зор үлесі мен университет студенттерін дәстүрлі музыкалық өнерге баулуға қосқан еңбегі үшін университет ғылыми кеңесінің шешімімен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілген болатын. Міне, сол құрметті профессор дипломын Донеділ Ізмағамбетұлына университет ректоры Нұрлан Серғалиев табыс етті.

 

Батыс Қазақстан